2014 жылғы 26 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Жерасты су объектілерінің жай-күйіне, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жерасты су объектілерінен тікелей жерасты суларын алуға әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе маңызының аздығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан жерлерге жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) «Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) «Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы геологиялық ақпаратты әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
12) «Жобалау ұйымы әзірлеген жер қойнауы объектілерін жою немесе консервациялау жобаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
13) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингілеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасы бойынша қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
14) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 26 ақпандағы №153 қаулысымен бекітілген
«Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 10 (он ) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – жерасты сулары объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларының бағдарламасы;
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды түрде расталған көшірмесі;
4) жеке тұлғалар үшін – жеке куәліктің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқталғанға дейін жарамды болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратты көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде көрсетілген.
13. Көрсетілетін қызметті алушы бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәртебесі мен тәртібі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 36 55, 74 34 59. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 26 ақпандағы №153 қаулысымен бекітілген
«Бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы,
жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын, бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын, бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы келісу.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге, жерасты су объектілері арқылы коммуникациялар салу жобаларына арналған жобалық құжаттама;
3) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
4) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды түрде расталған көшірмесі;
5) жеке тұлғалар үшін – жеке куәліктің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқталғанға дейін жарамды болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің немесе Министрліктің кеңсесіне пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратты көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде көрсетілген.
13. Көрсетілетін қызметті алушы бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәртебесі мен тәртібі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 36 55, 74 34 59. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 26 ақпандағы №153 қаулысымен бекітілген
«Жерасты су объектілерінің жай-күйіне, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жерасты су объектілерінен тікелей жерасты суларын алуға әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жерасты су объектілерінің жай-күйіне, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жерасты су объектілерінен тікелей жерасты суларын алуға әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – жерасты су объектілерінің жай-күйіне, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жерасты су объектілерінен тікелей жерасты суын алуға әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға қорытынды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) жобалық құжаттама;
3) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
4) пайдалы қазбалардың, оның ішінде: ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жерасты сулары көздерінің жоқ екені туралы қорытындының көшірмесі;
5) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды түрде расталған көшірмесі;
6) жеке тұлғалар үшін – жеке куәліктің көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқталғанға дейін жарамды болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратты көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәртебесі мен тәртібі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 36 55, 74 34 59. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 26 ақпандағы №153 қаулысымен бекітілген
«Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) күнтізбелік күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге қорытынды.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) тікелей келіссөздерге қатысуға берілген өтінімнің көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) қажетті құжаттардың бәрін тапсырған кезде көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратты көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы бірыңғай байланыс орталығы – 1414 телефоны арқылы мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі мен тәртібі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 35 19, 74 35 50. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 26 ақпандағы №153 қаулысымен бекітілген
«Болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе маңызының аздығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе олардың маңызының аздығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе олардың маңызының аздығы туралы қорытынды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Қағаз жеткізгіште рұқсат алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, географиялық координаталардағы құрылыс объектісінің орналасқан жері көрсетілген электрондық құжат нысанындағы өтініш;
өтініштің көшірмесіне көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, тіркелгені туралы белгі қойылуы қағаз түріндегі өтінішті қабылдауды растау болып табылады;
2) порталға:
заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, географиялық координаталардағы құрылыс объектісінің орналасқан жері көрсетіліп, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
портал арқылы өтініш берген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетіп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі;
жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың л