Коронавирус • 22 Шілде, 2022

COVID-19: Қазақстанда қандай вакциналар қолжетімді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова коронавирусқа қарсы қандай вакциналар қолжетімді екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19: Қазақстанда қандай вакциналар қолжетімді

«Қазіргі уақытта республика бойынша вакциналау және ревакциналау жұмысы жалғасып жатыр. Қазақстанда вакцинаның үш түрі қолжетімді, олар – QazVac, Sinopharm және Pfizer. Ревакциналау үшін – QazVac және Sinopharm бар», деді Роза Қожапова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, екпе егу пунктілерінде 1 млн 600 мың вакцина дозасы бар.

«Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинамен ересек тұрғындардың 80%-дан астамы немесе барлық халықтың 56%-дан астамы қамтылған. Республика бойынша коронавирус инфекциясына қарсы бастапқы ревакциналаумен қамту тиісті халықтың 68%-дан астамын (4,9 млн адам) құрады. Орта есеппен тәулігіне 10 мыңнан астам адам екпе салдырады», деді Роза Қожапова.

Басқарма басшысы мамыр айының соңынан бастап елде ревакциналау енгізілгенін еске салды. Бүгінде тиісті халықтың 55%-ы ревакцина жасатқан.