Аймақтар • 22 Шілде, 2022

Жезқазған тұрғынынан 498 түп қарасора тәркіленді

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 шілдеде Жезқазған қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірген 42 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазған тұрғынынан 498 түп қарасора тәркіленді

Күдіктінің үй жанындағы учаскесін тексеру кезінде жалпы салмағы 6 келіден асатын қарасора тектес өсімдіктің 498 бұтасы тәркіленді.

Ол қарасораны өзі үшін өсіргенін айтып, түсіндірді. Сол күні Теміртау қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлерімен 25 жастағы ер адамға тиесілі жеке үйдің бақшасынан 417 түп қарасора табылып, алынды.

Үй иесі полицейлерге тыйым салынған өсімдікті бақшасында өңдірген фактісі бойынша жауап бере алмады.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.