01 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №159

215 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2014 жылғы 28 ақпан,  Астана, Үкімет Үйі «Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған «Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бе­кіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулы­сына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат) 1-тармағы 14) тармақшасының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы №159 қаулысымен бекітілген «Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңселерімен портал арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде; 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді сақтауы туралы растама (бұдан әрі – растама). Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңна­масына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскi асқа үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. 2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде: 1) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтінім береді; 2) порталға – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш. Көрсетілетін қызметті алушыға: 1) өтінімнің қабылданған нөмірі мен күні; 2) сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін; 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін (уақытын); 4) құжаттарды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса); 5) көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса) (жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, өтінімді қабылдау туралы қолхат беріледі. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Астана қаласы, Кенесары көшесі 36, 710-кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 55-59-03 бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ Астана қаласы, Кенесары көшесі 36, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына беріледі. Шағымдар жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағымның берілген күні көрсетіледі және көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады. Шағым берген кезде әрекеті ненемесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегімен аты-жөні, жүгіну уәждерімен талаптары көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушының шағымында: 1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі; 2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (шағымды жеткізу, тіркеу, орындаутуралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелері мен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрлiктің www.minаgri.gov.kz интернет-ресурсында; 2) порталда орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне _______________________________________________________________________________________ Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса) Өтінім Мемлекеттік астық ресурстарына көлемі ____________________________________________________________________ (цифрлармен және жазбаша) _______________________________________________________________тонна астық жеткізу бойынша міндеттемелерді сақтағаным туралы растама беруді сұраймын. Экспортталатын астық көлемі______________________________________________________ _______________________________________________________тонна (цифрлармен және жазбаша) Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы: ____________________________ _______________________________________________________________________________________ (индекс, аудан, облыс, қала (ауыл), көше, үй №, телефон) _________________ ___________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса)) М.О. (заңды тұлға үшін) 20___ жылғы «___» ________________ Өтінім 20___ жылғы «___» ___________ № _____ қарауға қабылданды _______________________________________________________________________________________ (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса), қолы)