Экология • 22 Шілде, 2022

Сайрам-Өгем паркінде Қаратау арқарлары фототұзаққа ілінді

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде Қаратау арқарлары фототұзаққа түсіп қалды. Бұл жайында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайрам-Өгем паркінде Қаратау арқарлары фототұзаққа ілінді

Айыр тұяқты сүтқоректі аң Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олар Ұлттық парк аумағының тек Түлкібас филиалында мекендейді. Аталған жануарлар Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағына күзде қыстауға, көктемде төлдеуге келеді.

Мамыр айының соңында жазғы жайылымға қоныс аударады. Көктемгі санақ бойынша ұлттық паркте шамамен 75 арқар мекендейді. Олар бұталар мен шөптесін өсімдіктердің 70 түрімен қоректенеді.