Президент • 24 Шілде, 2022

Елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Тахамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді

Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен ИЫҰ-ның Бас хатшысы аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы арасындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетудің перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ИЫҰ-ның саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және гуманитарлық салаларда байланыстар орнатуға ықпал ететін инклюзивті платформа ретіндегі жұмысын жоғары бағалады.

М

Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымымен арадағы іс-қимылдар туралы айта келе, Қазақстанның Ұйым аясында мұсылман елдерімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілді екенін нақтылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хиссейн Брахим Таханы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға шақырды. Бұл форум биыл күзде Қазақстан астанасында өтеді.