Әлем • 25 Шілде, 2022

Жапониядағы ең ірі жанартау атқылады

936 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылап, Кюсю аралында қауіптің бесінші деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.

Жапониядағы ең ірі жанартау атқылады

Сакурадзиманың алғашқы атқылауы жексенбі күні кешке болды. Салдарынан жанартау жыныстары мен күл кратерден 2,5 км радиусқа дейін шашыраған.

Жанартау маңындағы қауіп деңгейі бес балдық шкала бойынша максимумға дейін көтерілді, бірақ сарапшылар қазіргі уақытта ауқымды атқылау қаупі жоқ деп есептейді. Төтенше жағдайға байланысты ақпарат жинау үшін Жапония премьер-министрінің кеңсесінде жедел штаб құрылып, Кагосима билігі 100-ге жуық адам тұратын жанартауға іргелес екі аймақты жартылай эвакуациялау туралы хабарлады.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, жанартаудың айналасын метеорологиялық департамент мамандары тексеріп жатыр.