Әлем • 25 Шілде, 2022

Багам аралдарында 17 мигрант қаза тапты

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Багам аралдары маңында катер апатқа ұшыраған. Оқиға орнында 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Багам аралдарында 17 мигрант қаза тапты

Зардап шеккендердің арасында кішкентай бала да бар.

Апатқа ұшыраған тағы 25 адам құтқарылды. Қазір олар аман-есен.

Багам билігінің хабарлауынша, Гаити азаматтары отырған жылдам жүзетін катер Майамиге жетуі керек болған. Қатты дауылдың  екпінінен катер апатқа ұшыраған.

Түрлі қаупке қарамастан, мигранттар үнемі кедейшілік жайлаған Орталық Америка мен Кариб бассейнінен кетіп, АҚШ жағалауына жетуге тырысады.

Соңғы жаңалықтар