Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін болған. Сағат 6:30 шамасында «Атырау-Ақтөбе» тасжолының 400-шақырымындағы Жантерек елді мекенінің тұсында RAVON R4 жүргізушісі 24 бас қойды қағып кеткен.
Бақташы малды жолдың белгіленбеген жерінен өріске айдап өтпек болған. Соның салдарынан 1 млн 200 мың теңгенің материалдық шығыны келген.
«Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіргені үшін қой бағуға шыққан адамға құқық бұзушы ретінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», делінген полиция хабарламасында.