Футбол • 26 Шілде, 2022

«Қайсардың» қарқыны күшті

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен демалыс күндері футболдан Қа­зақстан кубогы жолындағы топтық кезең­нің үшінші тур ойындары өтті. Ал­ғашқы үш матчтың бәрінде жеңіске жет­кен «Қайрат» пен «Қайсар» өз топта­рында 9 ұпаймен жеке-дара көш бастады.

«Қайсардың» қарқыны күшті

«А» тобында бақ сынап жатқан алматылық клуб бұл турда «Ақсуды» қабылдап, аса тартысты өткен ойында 3:2 есебімен жеңіске жетті. Топтағы екінші ойында «Ордабасы» сырт алаңда «Атыраудың» қақпасына төрт гол салды – 4:1. Турдың басты сенсациясын «В» тобындағы «Қайсар» клубы тіркеді. Премьер-лиганың үш командасына қарсы ойнап жатқан қызылордалықтар үш турда да қарсыластарынан басым түсті. Үшінші турда «қасқырлар» Ақтауға сапар шегіп, жергілікті «Каспий» клубын 2:1 есебімен тізе бүктірді. «Ақжайық» өз алаңында «Қызылжарды» қапы қалдырды – 1:0.

«С» тобындағы «Тобыл» Конференция ли­га­сындағы ойындарына байланысты ­«Мақ­­­таралмен» болған ойында жастар құра­мын шығарып, өз алаңында өткен матчта ірі есеппен жеңіліп қалды – 1:4. Ал топтағы екінші ойындағы «Ақтөбе» мен «Тараз» арасындағы матчта есеп ашылмады – 0:0. «Д» тобындағы квартеттің екі ойынында да жеңімпаз команда анықталмады. Түркістанда «Тұранмен» кездес­кен елорданың «Астанасы» 1:1 есебімен ұпай бөлісуге мәжбүр болса, «Жетісу» өз ала­ңында «Шахтермен» тең ойнады – 0:0.