Атап айтар болсақ, 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өнер көрсеткен Дарын Қонысбаев Гонконг өкілі Оскар Коггинске есе жіберіп, мәреге екінші келді. Оның уақыт көрсеткіші – 1 сағат 51 минут 14 секунд. Үздік үштікті қытайлық Чен Цин түйіндеді.
Ал 19 жасқа дейінгі ерлер арасында жапониялық Аму Омуро мен Такуто Осима жұбы қазақстандық Егор Крупяковты соңғы айналымда басып озды. Нәтижесінде, отандасымыз үшінші орында қалып қойды. Әйелдер арасында да Жапония құрамасының өкілдері ешкімге дес бермеді. Нәтижесінде, Мако Хиразуми топ жарса, оған барын салып көмектескен Манами Хияши күміске, Гонконг спортшысы Шарлотта Холл қолаға қол жеткізді.