Ауыр атлетика • 26 Шілде, 2022

Айжамал Сансызбаева ауыр атлетикадан күміс медаль жеңіп алды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкенттегі ауыр атлетикадан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні 87 келіден астам қыздар тұғырға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айжамал Сансызбаева ауыр атлетикадан күміс медаль жеңіп алды

Ауыр атрлетика федерациясынан мәлім еткендей, Қазақстан өкілі Айжамал Сансызбаева әрбір жаттығуда және қоссайыста күміс медаль жеңіп алып, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

24 шілде күні ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алған еді. Жасөспірімдер арасында 102 келіде Никита Абдрахманов алтын медаль алды. Ол қоссайыстың нәтижесінде 354 (158-196) келіні бағындырды.

Сондай-ақ ол бұдан бұрын 20 жасқа дейінгілер арасында күміс жүлдегер атанған болатын.

Ал 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Жолтай Санжар (102 келі), 20 жасқа дейінгі жастар арасында Динара Қыпшақбай (81 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.