«Осы жазда мен Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Бірқатар міндеттемеге байланысты жауапты шараға дайындала алмадым. Дегенмен алдағы жарыстарға міндетті түрде қатысамын деген сенімдемін. Бұл үшін негізгі фактор - оқытудың тиісті деңгейіне қажетті барлық ресурстардың жеткілікті мөлшері.
Әрине, бүгін мен барша қазақ спортшыларына күш-қуат, сәттілік тілеймін. Әріптестерімнің абыроймен өнер көрсетіп, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсете алатындарына сенімдімін», деп жазды Динара Сәдуақасова Facebook парақшасында.