Ауыр атлетика • 27 Шілде, 2022

Ташкенттен табыспен оралды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан астанасында ұйымдас­тырылған ауыр атлетикадан жас­тар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Сары құрлықтың 21 мемлекеті қатысқан жа­рыста жерлестеріміз 4 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Ташкенттен табыспен оралды

Атап айтар болсақ, Ташкенттегі тола­ғайлар тартысында Едіге Емберді (73 кило), Әлішер Байбуров (67 кило), Денис Полубояринов (81 кило) және Никита Абдрахманов (102 кило) Азия чемпионы атанып, Әнұранымызды шырқатты. Ал күміс жүлдені Надежда Ли (64 кило), Аружан Дәулетова (71 кило), Алексей Чуркин (73 кило) және Айсамал Сансызбаева (87 кило) олжалады.

Ал Ерасыл Омаров (55 кило), Азамат Төлеген (61 кило) және Егор Шерер (81 кило) ел қоржынына қола жүлде салған болатын. Азия чемпионатының қорытындысы бойын­ша жастар арасындағы жалпыкоманда­лық есепте Өзбекстан құрамасы топ жар­ды. Қазақстан спортшылары екінші орынға ие болса, үшінші орынға Вьетнам құрамасы жайғасты. Жасөспірімдер бәсекесінде де жарыс қожайындары оза шапты.