Халықаралық жарыста бақ сынаған қазақстандық Дамир Жалғасбай турнирдің финалына жетіп жығылды. Бас жүлде үшін өткен бәсекеде жерлесіміз осы жарыстың бірінші ракеткасы ресейлік Сава Рыбакинмен сынға түсті. Тартысты өткен бәсекеде ресейлік теннисші 7:6 (7:4), 4:6, 1:6 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ кеше Германияның тағы бір қаласы – Дюренде 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша супер жарыс басталды. Онда Қазақстан намысын әлемнің 14 жасқа дейінгілер арасында төртінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы, сондай-ақ Сәтима Төреген және Ариана Гогулина қорғайды.