Спорт • 27 Шілде, 2022

Допинг дауына ілікті

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Astana Qazaqstan Team велокомандасының колумбиялық көшбасшысы Мигель Анхель Лопес допинг дауына қатысы бар деген күдікпен Испанияда ұсталды.

Допинг дауына ілікті

Биылғы «Джиро д’Италия» додасында жарақат алып қалған Лопес ұзақ уақыт ем-дом шараларынан кейін осыдан бірер күн бұрын Испаниядағы Villafranca-Classic Test of Ordizia жарысына қатысу үшін аттанған болатын. Оны Мадрид әуежайында Азаматтық гвардияның сот полициясы қызметіне қарасты Орталық оперативті департаментінің (UCO) агенттері ұстап, тергеуге алып кеткен.

Испаниялық бұқаралық ақпарат құрал­дарының мәліметі бойынша, жергілікті құқық қорғау органдары Лопесті испаниялық дәрігер, физиолог Маркос Майнардың ісі бойынша ұстаған. Дәрігер Маркос Майнар Мариньо осы жылдың мамыр айында спортшылармен жұмыс істеу кезінде тыйым салынған препараттарды заңсыз пайдаланды деген күдікке ілінген болатын.

Айта кетейік, биыл «Астана» сапына қайта оралған Лопес әр жылдары түрлі жарыстарда жеңімпаз атанып, 2018 жылы «Джиро д’Италия» және «Испания Вуэльтасында» үшінші орынға ие болды.