Қайырымдылық бағдарламасына жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын 75 білім беру ұйымы мен білім беру саласындағы 2 қайырымдылық ұйым қатысады.
Жоғары білім беру ұйымдары өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша білім беру гранттары мен шәкіртақыларды беру үшін бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері мынадай:
ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ЖОО-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлерден:
- ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
- жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
- мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.
Бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерден:
- мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедек тұлғалар; жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
- ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылардан шыққан тұлғалар;
- ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек тұлғалар.