Теннис • 27 Шілде, 2022

Елена Рыбакина УЕФА штаб-пәтерінде болды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уимблдон чемпионы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) штаб-пәтерінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина УЕФА штаб-пәтерінде болды

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, 23 жастағы теннисші Еуропаның бас клубтық турнирі - Чемпиондар лигасының трофейімен суретке түсті.

«Тамаша тәжірибесі мен жылы қабылдағаны үшін УЕФА-ға мың алғыс», деп жазды қазақстандық теннисші Instagram парақшасында.

Е.Рыбакина Уимблдоннан кейінгі алғашқы жарысын АҚШ-та өткізеді. Ол 1-7 тамызда болатын Сан-Хосе WTA 500 турнирінде бақ сынайды.