Аймақтар • 27 Шілде, 2022

Өскеменде трамвайлар уақытша тоқтайды

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында тамыз айының басында трамвайлар уақытша қатынамайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде трамвайлар уақытша тоқтайды

«Өскемен қалалық көлік компаниясы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, тамыз айының басында қалаға рельстердің жаңа партиясы жеткізілмек. Сол кезде ескі трамвай жолдарын ауыстыру жұмыстары басталып, қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтайды.

«Барлық жұмыстарды 5 күн ішінде аяқтауға тырысамыз. Содан кейін қозғалыс қайта жанданады», дейді компания директоры Михаил Чайка.

Айта кетейік, күн сайын Өскеменде трамвайлармен 13 мыңға жуық адам қатынайды. Трамвай желілері 40 жылдың ішінде бірінші рет жаңартылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Ақылды чип

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:55

Сары самаурын

Жәдігер • Бүгін, 08:50

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Тағы да астан улану ма?

Қоғам • Бүгін, 08:25

Бибісара бесінші орында

Шахмат • Бүгін, 08:15

30 емдеу мекемесі іске қосылды

Медицина • Бүгін, 08:13

Темірқазық жанында қос жұлдыз

Руханият • Бүгін, 08:00