Аймақтар • 27 Шілде, 2022

Павлодар облысында шомылу маумысы басталғалы сегіз адам суға кетті

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының майоры Теміржан Танжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында шомылу маумысы басталғалы сегіз адам суға кетті

«Жыл басынан  бері аймақта сегіз адам суға кетті, оның ішінде бір бала бар. Өткен жылы шомылуға тыйым салынған орындарда 16 адам суға  кеткен, оның  төртеуі - бала. Суда ажал құшқандардың 90% тыйым салынған және жабдықталмаған қауіпті, зерттелмеген учаскелерде суға  түскен. Мұндай қайғылы оқиғалар көбінесе Ертіс өзенінде жиі орын алады», деді  Теміржан Танжанов.

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жағдай айтарлықтай жақсарған. Биыл тұрғындар арасында судағы қаупсіздік мәселесіне жауапкершіліктің артқаны байқалады.   

Айта кетейік, облыс аумағында 42 жағажай бар, оның ішінде 24-і  коммуналдық және 18-і жеке.