Ауыр атлетика • 27 Шілде, 2022

Қазақстан Азия чемпионатында 47 медаль жеңіп алды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 47 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Азия чемпионатында 47 медаль жеңіп алды

Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Ташкентте 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

«Жарысқа Қазақстан құрамасынан 22 спортшы – 13 бозбала мен 9 қыз қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз 47 медаль жеңіп алды, оның ішінде 10 алтын, 23 күміс және 14 қола бар», делінген хабарламада.

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы медальдық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. Жеке рейтингте ұлдар – бірінші орын, қыздар сегізінші орынды иеленді.

Жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы жалпы категорияда Қазақстан құрамасы Азия құрлығында он бірінші орынға табан тіреді.