Коронавирус • 27 Шілде, 2022

Қазақстанға Pfizer-дің 300 мың дозасы жеткізіледі

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір елімізде QazVac, Sinopharm және Pfizer вакциналарының 1,5 млн дозасы бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға Pfizer-дің 300 мың дозасы жеткізіледі

«Қазір елімізде коронавирусқа қарсы 1,5 млн доза вакцина бар. Оның ішінде QazVac вакцинасы 180 мыңға жуық доза, Sinopharm 1,2 млн астам және 55 мыңға жуық Pfizer вакцинасы тұр. Бүгінде вакцинация және ревакцинация аясында QazVac пен Sinopharm егіліп жатыр. Ал, Pfizer вакцинасы бұған дейін бірінші компонентті алған азаматтарға салынады. Оларға жасөспірімдер, жүкті және емізулі баласы бар әйелдер жатады», деді Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Сондай-ақ вице-министр Pfizer вакцинасының қосымша дозасы сатып алынатынын хабарлады.

«Бүгінде 300 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алуға өтініш берілді. Қазір аталған компаниямен келісім жүріп жатыр. Аталған вакцина әдеттегідей жасөспірімдер, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге егіледі. Басқа санаттағы азаматтар QazVac және Sinopharm вакцинасын салдыра алады», деді ол.