Қоғам • 27 Шілде, 2022

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа схемасы әшкереленді

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық банкі өздерін полиция немесе Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстыратын телефон-алаяқтарының пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа схемасы әшкереленді

Алаяқтар «заңсыз әрекеті үшін банк менеджерін ұстауға арнайы операция» жүргіземіз деген желеумен азаматтарды несие рәсімдеуге немесе микроқарыз алуға үгіттеп, ақшаны үшінші тұлғаның шотына аударуға көндіреді.

Кей жағдайларда жалған «полиция» қызметкері Ұлттық банкпен бірлесіп «арнайы операция» жүргізетінін және онысын растау үшін «Ұлттық банк қызметкеріне» қоңырау шалған болып, қолдан жасалған куәліктерді, банктің аударым құжаттарын және орындалған операциялардың заңдылығын «растайтын» басқа да мәліметтерді жібереді. Мұндай әрекеттердің барлығы ұйымдасқан алаяқтардың жұмысын көрсетеді.

Алаяқтардың мұндағы түпкі мақсаты – несие рәсімдеуге қатысты мотивациялық түрлі айла табу, ақша жымқыру және дербес дерегін қолға түсіру.