Бокс • 28 Шілде, 2022

IBF белдігін сарапқа салады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 17 қыркүйек күні АҚШ-та өткізеді.

IBF белдігін сарапқа салады

Мұхиттың арғы бетіндегі Лас-Вегас (АҚШ, Невада штаты) қаласында орналасқан T-Mobile Arena-да өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы трилогияның андеркардында шаршы алаңға шығатын Ахмедов америкалық Габриэль Россадомен (26-15-1, 15 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте боксшылар супер орта салмақтағы (76,2 кг) «солтүстікамерикалық» IBF чемпиондық белдігін сарапқа салады. 36 жастағы америкалық Габриэль Россадоның есімі қазақстандық бокс жанкүйерлеріне жақсы таныс. Себебі ол осыдан тоғыз жыл бұрын, яғни 2013 жылы Г. Головкинмен шаршы алаңда кездесіп, жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалған болатын.

Айта кетейік, отандасымыз кәсіпқой бокстағы ең соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсан айында өткізіп, мексикалық Пауль Валенсуэланы (27-11, 17 КО) бірінші раундта-ақ сұлатып салған еді.