Қазақстан • 28 Шілде, 2022

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға алуға болады

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігінде ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие тетігін енгізуге қатысты кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға алуға болады

«Кеңестің қорытындысы бойынша тараптар «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға беру тетігінің негізгі тәсілдерін талқылап, келісті. Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдіктілген тәртіпте лизингке алу тетігін биылғы жаппай егін жинау жұмыстары басталғанға дейін, яғни қысқа мерзімде қабылдау жоспарланып отыр. Бағдарламаның шарттары шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының техниканы сатып алуын ынталандыруға бағытталады», делінген министрлік хабарламасында.

Кеңеске Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Жасыл Даму» АҚ және Қазақстан фермерлер одақтары қауымдастығының өкілдері қатысты.

Аталған бағдарламаға шамамен 40 миллиард теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Қаржыландыруды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары өз мойнына алады.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген несие беру тетігін енгізуді тапсырған еді.