Ауа райы • 28 Шілде, 2022

Тамызда еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК тамыз айында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында ылғал тапшылығы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тамызда еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Атап айтқанда, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжануда. Сондай-ақ Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын жаумай, құрғақшылық болуы мүмкін.

Ал Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше, ылғал молырақ болады.

Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болмақ.