Аймақтар • 28 Шілде, 2022

Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында дін мәселелері туралы ақпараттық жұмыс жүргізілді

363 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында биылғы 19-20 шілде аралығында Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында дін мәселелері туралы ақпараттық  жұмыс жүргізілді

Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысын, сонымен қатар діни эстремизімнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шара өткізді.

ж

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Шағырбай А.Д, Мейірбеков Д.Е, Оразбаев Қ.И, Жақыпов Е.Ж, Оспанов Б. Е, Бекбосынов Е.Т, Оспанов Д.Қ, Бердалиев И.Т, Матаев Е.Ж қатысты. 

19-20 шілде аралығында Жамбыл облысы бойынша РАТТ мүшелерінің қатысуымен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің облыс бойынша департаментінде әскери қызметкерлермен, қалалық полиция басқармасында пробация қызметінің қызметкерлері және тіркеуде тұрған азаматтармен, «Әулие ата» мешітінде мешіт жамағатымен, Бурыл ауылы мәдениет үйінде өзге ұлт өкілдерімен, Аса ауылының мәдениет үйінде және «Бәйдібек баба» мешітінде ауыл түрғындары мен мешіт жамағатымен, облыстық дін істері басқармасының ғимаратында  теолог, дінтанушы, исламтанушы және психологтармен, «Тараз-Арена» спорт кешенінде спортшылар және жаттықтырушылармен, «Хибатулла Тарази» облыстық мешітте имамдар, ұстаздар және мешіт жамағатымен, Жалпақтөбе ауылы «Хаджи Тамаль» мешітінде мешіт жамағатымен, ЖД-158/4 и ЖД-158/7 түзету мекемелерінде сотталушылармен, «Жастар ресурстық орталығында» өңір жастарымен кездесулер өткізілді. 

ж

Сондай-ақ 19-20 шілде аралығында Шымкент қаласы бойынша РАТТ мүшелерінің қатысуымен ҚР ҚАЖД №167/3 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, «Сайрам» мәдениет үйінде, «Абдул Хамид Каттани» пен «Әл-Біләл» мешіттерінде, «Гарант» жүйелі телефондар сату дүкенінде мешіт жамағаттары және деструктивті діни ағым ұстанушы жамағаттары, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ жұмыссыз азаматтар,  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау» сенім орталығында» еңбек мигранттары мен вахталық жұмыс жасайтын азаматтар, «Жастар орталығы» КММ жастар, қоғамдық тасымал компаниялары мен такси компанияларының басшылығы мен жүргізушілері, Еңбекші ауданының әкімдігінің ғимаратында «Жұлдыз» «Базарқақпа» «Елтай» «Көктем» тұрғындары, сауда орталықтарында өз-өзін жұмыспен қамтыған саудагерлер мен қызметкерлері,  ҚР ҚАЖД мекемесу пробация орталығында қылмыстық жазасын өтеп босатылғандар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

ж

Өткізілген іс-шараларда қала тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

п

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжымды жауаптар алынды.