22 Мамыр, 2010

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯҒА КӨЗҚАРАС

561 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Елорда төрінде “Назарбаев феномені: Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістер да­муын­дағы жеке тұлғаның факторы” тақырыбында Еуразиялық сарап­тама форумы өтті. Ауқымды басқосуға қатысқан қонақтардың басым көпшілігі қо­ғам­дағы интеграциялық үдерістер мәселесі төңірегінде тер төгіп жүр­ген мамандар. Мәселен, форум жұ­мысына “Полит­кон­такт” саяси технологиялық орталы­ғының ат­қарушы директоры Андрей Мед­ве­дев, “Петербургская политика” қорының президенті Михаил Ви­но­градов, Азаматтық қоғам мәсе­лелерін зерттеу оралығының ди­рек­торы Ви­талий Кулик, Дос­тас­тық елдері гума­нитар­лық инсти­ту­тының ректоры, Әзір­бай­жандағы ақпараттық-сарап­та­малық орталық өкілдігінің бас ди­рек­торы Жамил Садықбеков секілді Ресей, Украи­на және Әзірбайжан елдерінің сарапшы-мамандары қатысты. Күн тәртібіне қойылған мәселе жөнінде отандық мамандар да пікірлерін ортаға салды. Басқосу кезінде алғаш болып сөз тізгінін алған “Нұр Отан” ХДП Парламентаризм институтының директоры Болат Байқадамов ке­ңес­тік кезең белесі мен бүгінгі күн арасындағы көпірді байланыстыра келе, еуразиялық интеграциялық үдерістер толқыны төңірегіндегі өз ойын жеткізді. Бұдан кейінгі кезекте форумға қатысушылар Еуразиялық инте­гра­циядағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі, Орталықазиялық аймақтар­дың топтасуы контексіндегі Қа­зақ­станның интеграциялық баста­ма­сы, осы интеграциялық үдеріс­тер­дің қазіргі заманғы үрдісі төңіре­гінде тереңірек ой тарқатты. Мә­се­лен, кеңестік кезеңдегі қоғам­дық-саяси үдерістерді зерделеу жөніндегі ақпараттық-сарап­та­ма­лық орталықтың бас директоры Алексей Власов “Н.Ә.Назар­баевтың еуразиялық идеясы: теориядан тәжі­ри­беге дейін” деген атпен баяндама жасады. Ол өз сөзінде интеграциялық байла­ныс­тарды қалыптастырудың оң үр­діс­тері саяси декларациялар деңгейін­де ғана емес, нақтылы экономи­калық тәжірибелер негізінде де мүмкін болатындығын атап өтті. “Қазіргі таңда Еуразия идеясы жа­һан­дану ұсынған проблемалар шең­берінде жаңаша ұғынуды қажет етеді. Сол себепті Еуразия ке­ңістігіндегі елдердің рухани, ғы­лыми, білім берудегі интегра­ция­лануы жаңа ашылуларға бағыт­талған. Ал бұл өз кезегінде этнос­ара­лық келісім мен достыққа, өзара сыйластыққа, бізді қоршаған ортаның сан-алуан екен­дігін түсінуге бағытталатыны белгілі”, деді А.Власов. Осылай дей келе ол Н.На­зар­баевтың интеграция­лық бірлестіктің жаңа сапалық деңгейі – Еуразиялық одақ құру жөніндегі идеясын айрықша атап өтті. “Бұл – жаңа үйдің құрылысына қажет іргетастың алғашқы тасы болатын. Содан бергі 16 жылдың ішінде Ре­сей мен Қазақстанда интеграция­лық үдерістерді дамыту жолында үлкен ілгерілеушіліктер бай­қа­луда”, деді ресейлік маман. Бұл күнгі басқосу кезінде сөз алған сарапшы-ғалымдардың не­гізгі ойы Қазақстанның тәуелсіздік алған күннен кейінгі қол жеткізген басты жетіс­тік­терінің бірі – ол жаңа идеологиялық даму іргета­сының қалануы дегенге сайды. Бұл турасында да ресейлік ға­лымның айтқан ойлары көңілге қо­нымды шықты. “Бұл дамуды мемлекет­аралық байланыс пен интеграцияға негізделген еуразиялық жоба десек те болады. Мәселен, Кеден одағы құру – бұл Ресей, Беларусь және Қа­зақстанның нақтылы интегра­ция­сының тек алғашқы кезеңі ғана емес, ол еуразиялық жобаны жүзеге асыру стратегиясының белгілі бір бөлшегі. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.