Қазақстан • 28 Шілде, 2022

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қантпен қамтамасыз етіледі

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сауда және интеграция министрлігі, Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен бизнес субъектілерін қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қантпен қамтамасыз етіледі

Жиынға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай, ИСМ Сауда Комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев, сондай-ақ Қауымдастық төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова қатысты.

Жуырда қоғамдық тамақтану қауымдастығы қантпен қамтамасыз етудегі қиындықтарға байланысты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары банкротқа ұшырауы мүмкін деп мәлімдеді.

Осылайша, өткізілген талқылаулардың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесті қосымша қолдау және қоғамдық тамақтану объектілерінің индустриялық қантқа қажеттілігін жабу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні жеткізілімдерді басым тәртіппен ұйымдастыру мақсатында қоғамдық тамақтану объектілері үшін қант қажеттілігінің көлемі айқындалады.

Бірінші кезеңде ең көп қоныстанған үш аймаққа мың тоннадан астам қант жеткізіледі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі қосымша көлемді Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жібереді, онда шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізімдер мен қажеттілік есептерін ұсынады. Бұл ретте Қауымдастық пен әкімдіктер аталған қантты беру алгоритмін әзірлейді», деді вице-министр Жеңіс Өсербай.