Қоғам • 28 Шілде, 2022

СҚО-да қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар анықталды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің департаменті «HERMES LTD» қаржы пирамидасын ұйымдастырудың кезекті фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар анықталды

Агенттіктің деректеріне сәйкес, 2019 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде «HERMES LTD» жобалары бойынша халықтың ақшалай қаражатын тарта отырып, инвестициялық салымдар бойынша, кейбір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы қаржылық пирамида ұйымдастырылған. 

«Қылмыстық іс бойынша үш жәбірленуші анықталды, оларға 4 млн теңгеге жуық сомаға залал келтірілді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде», делінген департамент хабарламасында.