Теннис • 29 Шілде, 2022

Ширек финалда ойнайды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен жұптық сындағы Қазақстан­ның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшавада (Польша) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Ширек финалда ойнайды

Жүлде қоры 251,7 мың АҚШ долларын құрайтын WTA санатындағы BNP Paribas Poland Open жарысында қазақстандық теннисші германиялық Анна-Лена Фрид­заммен бірге жұп құрап өнер көрсетуде. Осы жарыстың 4-ракеткалары болып тіркел­ген Данилина мен Фридзам бастапқы кезде­суін нидерландтық Арианна Хартоно мен аустра­лиялық Оливия Тьяндрамулиямен өткізді. Қазақстандық-германиялық жұп бірінші партияда мықтылық танытып, 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте қарсыластары белсенді ойнап, есе қайтарды – 6:1. Супер тай-брейкте Данилина мен Фридзамның мерейі үстем болып, жеңісті жұлып алды – 10:6.

Енді Данилина мен Фридзам турнирдің ширек финалында румыниялықтар Алек­сандра Игнатик пен Габриэла Лимен кезде­седі.