Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 550 417 адам, екінші компонентін 9 330 780 адам салдырды.
Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия «Pfizer» вакцинасының алғашқы дозасын 1 233 381 адам, екінші дозасын 1 183 829 адам салдырғанын хабарлады.
Оның ішінде, бірінші компонентімен жасөспірімдердің 871 036-сы, жүкті әйелдер 41 390-ы, бала емізетін аналардың 145 131-і қамтылған.
Екінші компанентті жасөспірімдердің 852 733-і, жүкті әйелдердің 39 106-сы, бала емізетін аналардың 140 807-сі салдырды.