Әлем • 29 Шілде, 2022

Жатақханадағы өрттен сегіз мигрант қайтыс болды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеудің оңтүстігіндегі «Алматы көшесіндегі хостелде» жатақханадан өрт шығып, сегіз адам қаза тапты. Тағы сегіз адам құтқарылып, 200-і эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жатақханадағы өрттен сегіз мигрант қайтыс болды

«Жатақхана Алматы көшесі 7 үй, 2 ғимаратта орналасқан. Қазіргі уақытта сегіз адамның қаза тауып, үшеуі дәрігерлердің қарауында екені белгілі болды. Қаза тапқандардың барлығы мигранттар. Олардың азаматтығы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта үйінділердің асты тексерілуде. Өрт сөндірілді, 150 шаршы метрлік үш бөлме мен дәліз жанып кеткен», деп жазады ТАСС.

РФ ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабар Мәскеу уақытымен бейсенбі күні сағат 23:58-де түскен. Өрт 20 минутта ауыздықталған.

«Мосгаз» АҚ баспасөз қызметі бұл ғимаратқа газ тартылмағанын айтады.

«Алдын ала болжам бойынша, өрт туралы жағдай кеш хабарлаған. Оны өздігінен сөндірмек болған адамдар қаза тапқан», деді жедел қызметтегі дереккөз.