Білім • 29 Шілде, 2022

Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауылдық квота бойынша білім алған жастардың грантты еңбекпен өтеу мерзімі 2 жыл болып қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін

Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі тиіс.

«Ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді», делінген өзгеріс енгізіліп отырған құжатта.

Сондай-ақ бұрын квота иелері грантты білім алған жерлерінде жұмыс істеу арқылы өтейтін болса, енді бұл өңірлер тізімін министрлік ұсынады.

«Азаматтардың жұмысы өтелетін өңірлер: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары» , делінген қаулыда.