Оқиға • 29 Шілде, 2022

Екібастұзда аулада тұрған екі көлік жанып кетті

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрттің шығуына қасақана от қою себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда аулада тұрған екі көлік жанып кетті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілде күні сағат 02:31-де  Ломоносов көшесі, 17/2 мекенжайы бойынша «Lada Priora» жеңіл автокөлігі толығымен жанып кеткен.

«Сонымен қатар көліктің жанында тұрған «Volkswagen Passat В3» автокөлігі жанды», дейді департаментте.

Өрт сағат 02:41-де ауыздықталып,  сағат 03:00-де сөндірілді. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.  Зардап шеккендер жоқ. 

Оқиға орнында  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі  жұмылдырылып, бір техника мен жеке құрамнан 6 қызметкер жұмыс істеді.