Оқиға • 29 Шілде, 2022

ҰҚК есірткі арнасын жою үшін арнайы операция өткізді

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция кезінде мефедрон мен экстази сатып келген астана тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚК есірткі арнасын жою үшін арнайы операция өткізді

26 шілдеде ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті А. есімді елорда тұрғынын ұстады.

«Процессуалдық шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» деп айтылады) тәркіленді. Тергеу оның есірткіні астанамыздың орталығында жалдамалы пәтерде орап, интернет арқылы тұрақты түрде сатып келгенін анықтады», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі және психотроптық заттарды заңсыз таратуға қарсы жұмысты жалғастырады.