Базарғали Жаманбаев Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры және хорды дирижерлеу кафедрасының деканы, фестивальдің қазылар алқасының төрағасы:
– Егемендіктің алғашқы жылдарында хор өнері кенжелеп қалды. Тіпті консерваториядағы біздің факультет жабылудың аз-ақ алдында болды. Жылына 8 студент қабылдағанда тығырыққа тірелгендей болғанымыз да рас. Алайда, қазір хор музыкасының дамуы тәуір. Өткен жылы 27 студент қабылданса, биыл 25 студент осы хор өнеріне дағдылануда. Үстіміздегі жылы 18 түлек хор мамандығы бойынша бітіргелі отыр. Алайда, түлектеріміздің барлығы бірдей жұмысқа орналасып кете алмауда. Сондықтан жергілікті жерде бұған айрықша көңіл бөлінгені жөн. Соңғы жылдары хор ұжымдары әлемдік деңгейдегі бірқатар сыйлықтарды жеңіп алды. Мұның өзі хор музыкасының елімізде жаңа серпінмен дами бастауының дәлелі болса керек. Ал, бүгін өткізіліп отырған фестиваль осындай табыстарымызды үстемелей түсуге негіз қалайды. Мұндай мәдени шығармашылық шарасын өткізіп отырғандарыңызға алғысым шексіз.
Наталья ФОМЕНКО, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі хорды дирижерлеу бөлімінің оқытушысы:
– Шыны керек, консерватория тарапынан хор музыкасынан ұйымдастырылатын олимпиадалардың жиі-жиі ұйымдастырылуы өнердің осы түріне жастардың қызығушылығын тудырып отыр. Бұл бір жағынан хор музыкасын насихаттау болып табылады.
Ольга СЕРЕБРИЙСКАЯ, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері, Орынбор облыстық филармониясы камералық хор ұжымының көркемдік жетекшісі:
– Мұндай кездесулерден көп нәрсе үйренуге болады. Ең бастысы, өнер достықты нығайтады, өзара қарым-қатынасымызды қалыптастырады, екі елдің шығармашылық тәжірибе алмасуына негіз қалайды. Біз қазақ классикалық музыкасын орындаймыз. «Жұбанов көктемі» фестиваліне үзбей қатысып келеміз. Мұның өзі қазақ классикалық музыкасын Ресейде де қызыға тыңдайтынын көрсетіп отыр.
Облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Нәзира Табылдинованың айтуынша, осы кезге дейін өткізілген тоғыз фестивальдің төртеуі хор музыкасына, қалғандары дәстүрлі халықтық музыкаға арналған екен.
Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Belganto» вокалдық тобы, Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің хоры және Ақтөбе қаласындағы «Інжу» вокалдық ансамблі фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды. Осының өзі-ақ, облыста өнерді, соның ішінде хор музыкасын дамытуға қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын көрсетсе керек. Бірінші орындарды Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы гуманитарлық колледждің студенттік хоры, Бішкек қаласындағы Муратаалы Күренкеев атындағы музыкалық колледждің вокалдық ансамблі, Атырау қаласындағы Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық колледждің студенттік хоры және Росторапичтер атындағы Орынбор мемлекеттік университетінің академиялық хоры иеленді.
Фестиваль күні Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазақ хор капелласының концерті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның доценті, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі және дирижері Бейімбет Демеуовтің дирижерлік етуімен өтті. Фестиваль өнерпаздардың есінде жаңа табыстарға жігерлендірген шабыттың қайнар бұлағы ретінде қалды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше