Қоғам • 30 Шілде, 2022

«AMANAT» партиясы жанынан азық-түлік бағасына мониторинг жүргізетін қоғамдық топ құрылды

330 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бейнеконференция байланысы арқылы партияның өңірлік филиалдарымен азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлар бағасының қымбаттау мәселесіне қатысты кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«AMANAT» партиясы жанынан азық-түлік бағасына мониторинг жүргізетін қоғамдық топ құрылды

Осы аптадан бастап еліміздің барлық облыс және аудандарында 216 партиялық мониторинг және қадағалау тобы жұмысқа кірісті. Олар сауда нысандарын тексереді және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторинг жүргізеді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.

Атап айтқанда, ол елдегі инфляцияның жедел өсуіне сыртқы факторлардан басқа, сауда жүйесіндегі делдалдар мен алыпсатарлардың айтарлықтай көбеюі ықпал еткеніне назар аударды.

«14 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында тауарлар бағасын тұрақтандыру және азаматтардың табысын арттыру бойынша нақты міндеттерді белгіледі. Дегенмен, мемлекеттік органдар қабылдаған іс-шаралар бағаның өсуін тежеуге толық көлемде ықпал етпейді. Бағаны жөн-жосықсыз көтеретін сатушылар тексеру уақытын алдын ала біліп отырады және олар  мемлекеттік органдар тексерушілерінің түрін таниды», деді Атқарушы хатшы.А

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, маусым айында жылдық инфляция 14,5%-ды құрады. Бір жыл ішінде ең көп қымбаттаған азық-түлік тауарлары (17,9%). Азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,1%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 8,9%-ға өсті.

«Қоғамдық саясат институтының әлеуметтік зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтардың 80%-дан астамы бағаның өсуіне алаңдайды. Бұл мәселе әсіресе, әлеуметтік осал топтар үшін өте өзекті.Біз осы жағдайды партияның барлық өңірдегіқоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскенөтініштердің артуынан байқап отырмыз. Мәселен, жыл басынан бері әлеуметтік қамсыздандырумәселелерімен жүгінгендердің үлесі 30%-ға өсті.Осыған байланысты біз жергілікті жердегі нақтыжағдайды анықтау үшін азық-түлік пен тауарларбағасына мониторинг жүргізетін 216 арнайы топ құрдық. Қазірдің өзінде дүкен сөрелеріндегі бағалармен мемлекеттік органдардың есептері бір-біріне сәйкес келмейді деуге болады», деп атап өтті Асхат Оралов.

Атқарушы хатшы мониторинг тобына тек партиялықтар ғана емес, сондай-ақ қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бизнесмендер, журналистер мен тәуелсіз сарапшылар да кіретінін айтты. Жұмыс нәтижелері Парламент Мәжілісінде және Үкіметте қаралады.

Аймақтардағы қазіргі жағдай туралы Мәжіліс депутаты, партия жанындағы Агроөнеркәсіптік комитет төрағасы Қайнар Абасов және Мәжіліс депутаты, партия жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі Ғалым Әміреев.

Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай туралы мониторинг тобының мүшесі, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Зоя Новолодская айтып берді.

«Кешеден бері өңірде 84 сауда нысанынамониторинг жүргізілді. Жүргізілген талдау нәтижесінде әкелінетін көкөністердің (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) бағасын 19%-ға көтеру фактісіанықталды. Мониторинг кезінде кәсіпкерлер сатып алу бағасын көрсететін құжаттарын ұсына алмады. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аталған нысандар партиялық бақылауға алынды», - деді ол.

Сондай-ақ, жиын барысында Нұр-сұлтан қаласы бойынша экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Омаровсөз алды.

«Елордада картоп – 10872 тонна (65%), сәбіз – 2938 тонна (76%), қырыққабат – 1900 тонна (49%), пияз – 2695 тонна (107%) сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бес ай тұтынуға болатын 30% қоры жасалды. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыру үшін меморандум аясында елорданың өңдеу кәсіпорындарына астық жіберілуде», деді ол.

«AMANAT»-тың Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, өңірде 18 партиялық мониторинг тобықұрылған.

«28 шілдеде аталған топтар облыстың 88 базары мен ірі сауда нысандарын аралады. Бағаның өсуін тежеу үшін облыста тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша ірі сауда ұйымдарымен меморандумдар жасалады. Біз қазірдің өзінде 1467 үй маңындағы дүкендердің 1463-ін (99,7%) тексердік, бағаны негізсіз көтерудің 38 фактісі анықталды. Тиісті шаралар қабылдау арқылы бағалар 10-15%-ға төмендеді», деп атап өтті ол.

«AMANAT» партиясында мониторинг жүргізетін топтар күн сайын жұмыс істейтіні айтылды. Аймақтардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлікбағасының өзгергеніне қатысты мәліметтің мән-жайыПартиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралады. Өзгеріс анықталған жағдайда мәселені шешу үшін ұсынымдар әзірленіп, нақты мерзімі мен жауапты тұлғалар белгіленеді.