Қоғам • 31 Шілде, 2022

«Баян Сұлу» фабрикасы қызметкерлерінің еңбекақысын тағы да көтереді

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кондитер өнеркәсібі көшбасшыларының бірі саналатын «Баян Сұлу» фабрикасы өз қызметкерлерінің еңбекақысын 1 тамыздан бастап 15-20 пайызға көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Баян Сұлу» фабрикасы қызметкерлерінің еңбекақысын тағы да көтереді

Кәсіпорын басшысының мәлімдеуінше, фабрикада еңбек ететін барлық қызметкердің еңбекақысы өседі.

«Әлемдегі күрделі экономикалық жағдайғабайланысты мамандарымызды қолдау және жұмыс пен өмір сапасын көтеру үшін еңбек жағдайын жақсарту біз үшін өте маңызды. Біздің мақсатымыз қызметкерлеріміздің ертеңгі күнге деген сенімін арттыруға үлес қосу»дейді «Баян Сұлу» АҚ Президенті - Басқарма төрағасы Тимур Садықов.

Айта кету кетейік, «Баян Сұлу» АҚ осы жылдың сәуір айында қызметкерлердің еңбекақысын 10 пайызға көтерген болатын. Ал соңғы үш жылдың ішінде компания қызметкерлердің еңбекақысын орта есеппен 40 пайызға өсірген.

Сонымен қатар, 2021 жылы фабрика қызметкерлерді қолдау мақсатында әзірленген әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға 240 миллион теңгеден аса қаржы жұмсаған.

«Баян Сұлу» Қазақстандағы ең ірі кондитерлік фабрикалардың бірі. Кәсіпорында 300-ден аса өнім өндіріледі. Қазір фабрикада 1500-ден аса адам еңбек етеді.