Спорт • 01 Тамыз, 2022

Олимпиаданы жеңіспен бастады

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан Үндістанның Ченнаи қала­­сында өтіп жатқан олимпиаданы Қазақ­станның қыздар құрамасы сәтті бастады. Жерлестеріміз алғашқы екі ойында Гватемала мен Бельгия құрама­ларынан басым түсті.

Олимпиаданы жеңіспен бастады

Қазақстанның шахматшы қыздар құра­масы олимпиаданың алғашқы айналымында Гватемала спортшыларымен ойнап, 4-0 есебімен жеңіске жетті. Екінші раундта жерлестеріміз Бельгия құрамасымен шеберлік байқасып, бұл жолы да қарсыластарын тізе бүктірді – 3-1. Бұл кездесуде Бибісара Асау­баева мен Назерке Нұрғали өз ойындарында жеңіске жетсе, Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева тең түсті.

Ал алғашқы айналымда қытайлық Тай­пейден 3:1 есебімен басым түскен Қазақстан ерлер құрамасы екінші матчта Тәжікстан шах­матшыларынан жеңіліп қалды – 1,5-2,5. Бұл матчта Қазыбек Нөгербек қарсыласынан басым түссе, Арыстанбек Оразаев тең ойнады. Өкінішке қарай, Әлішер Сүлейменов пен Мұртас Қажығалиев қарсыластарына жол берді.