Аймақтар • 01 Тамыз, 2022

Абай облысында ақын Нұрлыбек Баймұратұлының ескерткіші ашылды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Бесқарағай ауданында ақын Нұрлыбек Баймұратұлының құрметіне ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында ақын Нұрлыбек Баймұратұлының ескерткіші ашылды

Облыс әкімдігі хабарлағандай, Бесқарағай ауданының орталығында ақын, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрлыбек Баймұратұлына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.

Белгілі ақын Нұрлыбек Баймұратұлы қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, насихаттаған еді.

Ақынның «Ер Төлеген» және «Қанды жорық» дастандары жеке кітап болып басылды.

Ал шығармалар жинағы 1957 жылы жарық көрген.