Әлем • 01 Тамыз, 2022

Маймыл шешегі: Үндістанда алғашқы өлім тіркелді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістандағы Керал штатында маймыл шешегін жұқтырған адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маймыл шешегі: Үндістанда алғашқы өлім тіркелді

Үндістан денсаулық сақтау министрі Вина Джордж 22 жастағы ер адам 30 шілдеде Триссур қаласында көз жұмғанын және жігіттің 22 шілдеде Біріккен Араб Әмірліктерінен келгенін хабарлады.

26 шілдеде ол дене қызуы көтерілгеннен кейін Триссурдағы ауруханаға барған. Кейін оны жекеменшік ауруханаға ауыстырған. Денсаулық сақтау министрі ер адамға шетелде болған кезде маймыл шешегі диагнозы қойылғанын айтты, бірақ оның отбасы бұл туралы ауруханаға науқас қайтыс болған күні хабарлады. Пациент көз жұмғаннан кейін оның барлық байланыста болған адамдары бақылауға алынды.

Науқаста бұрын қандай қандай созылмалы аурулар болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта Үндістанда маймыл шешегінің төрт жағдайы расталды, үшеуі Кералда және біреуі Делиде.

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20