Спорт • 01 Тамыз, 2022

Жасөспірімдер жарап тұр

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның бас шаһары – Римде өткен күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Дүниежүзілік додада өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының спортшылары Италияда 2 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер жарап тұр

Әлем чемпионатындағы екінші алтын­ды ел қоржынына жарыстың соң­ғы күнінде 92 килоға дейінгі салмақ дәре­жесінде белдескен Камиль Куруглиев салды. Финалда ол мажарстандық Мусу Арсун­каевты 11:0 есебімен ойсырата жеңіп, тұғырдың ең биік сатысынан көрінді.

Айта кету керек, Камил – балуандар әулетінің өкілі. Ол – кезінде Қазақстан ұлттық құрамасының сапында бірталай халықаралық жарыста өнер көрсетіп, әлем чемпионатының қола медалін же­ңіп алған, Азия ойындарының бір­неше дүркін жүлдегері болған балуан Маго­мед Куруглиевтің ұлы.

Қазақстан құрамасы сапынан Ита­лиядағы бәсекенің алғашқы алтынын 55 кило салмақта күрескен еркін күрес ше­бері Дарын Әскербек жеңіп алған бола­тын. Сонымен қатар жарыстың алғаш­қы күнінде грек-рим күресінің екі өкілі – Арсен Жұма (48 кг) мен Юсуф Ашра­пов (60 кг) және қыздар күресінен Алина Ер­төстік (73 кг) қола жүлде олжалаған еді.