Жеребе қорытындысы бойынша, Сергей Квак жетекшілік ететін Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы А тобында Италия, Аргентина және Эквадор секілді әлем чемпионатының жеңімпаздарымен бір топта сынға түсетін болды. Мәселен, Италия құрамасы жасөспірімдер арасындағы былтырғы әлем чемпионы саналса, Аргентина 2016 жылғы әлем біріншілігінде топ жарған. Сонымен қатар Эквадор теннисшілерін де осал қарсыластардың қатарына жатқызуға болмайды.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысып жатқан Қазақстан спортшылары биылғы доданың сегізінші нөмірлі құрамасы ретінде тіркелген. Айта кетейік, Чехиядағы жаһандық додада ел намысын халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүрген Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков қорғайды.