Спорт • 02 Тамыз, 2022

Кімдерге сенім артамыз?

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санаулы күндерден кейін елордада дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. Ел астанасында өтетін құрлық біріншілігінде Қазақстаннан 18 спортшы өнер көрсетеді.

Кімдерге сенім артамыз?

Атап айтар болсақ, ерлер сапында Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Ерлан Серікжанов, Данияр Шамшаев (73 кг), Дидар Хамза (90 кг), Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев (-100 кг) және Әділ Оразбаев (+100 кг) ел намысын қорғайды.

Ал әйелдер бәсекесінде Абиба Абужа­қынова, Ғалия Тынбаева (48 кг), Гаухар Ермағамбетова (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Мөлдір Нарынова (63 кг), Анастасия Маякова (70 кг), Аруна Жангелдина (-78 кг) және Камила Берліқаш пен Назгүл Маратоваға (+78 кг) сенім артамыз.

Айта кетерлігі, IJF ережесі бойынша, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай беріледі. Атап айтқанда, жеңімпаз спортшы 700 ұпай еншілесе, 2-орын иегеріне – 490, ал қола жүлдегерге 350 ұпай беріледі.