Әлем • 02 Тамыз, 2022

Қырғызстанда қазақ киносының күндері өтеді

3861 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бішкекте 5-6 тамызда қазақ киносының күндері өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғыз Республикасы кинематография департаментінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Қырғызстанда қазақ киносының күндері өтеді

Аталған шараны еліміздің Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі кинематография департаменті ұйымдастырады.

Сонымен қатар оған Т. Океев атындағы «Қырғызфильм» ұлттық киностудиясы, Қырғызстанның Кинематографистер одағы мен Ш. Айтматов атындағы Кино үйі қолдау көрсетеді.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бөлім басшысы Әсел Ырыстың айтуынша, киноорталық биыл қазақстандық кино күндерін 15 шет мемлекетте өткізуді ұсынып отыр.

«Бішкек – еліміздің кино күндері өтетін алғашқы қала. Осыған байланысты «Ала-Тоо» кинотеатрында Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» және Айжан Қасымбектің «От» фильмдері ұсынылады. Әр картинаны оны түсірген команда таныстырады. Біздің негізгі мақсатымыз – іскерлік байланысты дамыту және отандық фильмдерді халықаралық деңгейге шығару. Сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру үшін серіктестер мен инвесторларды тарту», деп атап өтті Әсел Ырыс.

«Мұқағали» кинокартинасында көрнекті ақынның өмірінің соңғы жылдары баяндалған. Фильм 25-ші Таллин кинофестивалінде тәуелсіз қазылар алқасының арнайы сыйлығын иеленген.

Ал, «От» фильмінің әлемдік премьерасы былтыр Пусандағы халықаралық кинофестивальде өтті. Сондай-ақ картина Германиядағы «Film Festival Cottbus» және Сингапурдағы «Singapore International Film Festival» кинофестивальдерінде ұсынылды. Туындыда басты рөлді сомдаған Төлепберген Байсақалов Сочи, Лос-Анжелес және Сингапур кинофестивальдерінде марапатқа ие болды.

Сонымен қатар «От» кинофильмі Минскіде өткен «Лістапад» халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссерлік жұмыс» және «Үздік музыка» номинацияларында жүлде алды. Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кино күндері аясында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тұсаукесері өтеді.

Іс-шараға қатысу тегін.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15