Елорда • 02 Тамыз, 2022

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға өтінім қабылдау басталды

512 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Мемлекет басшысы бекіткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлады. Оларға 14-29 жас аралығындағы жастар үміткер бола алады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға өтінім қабылдау басталды

2022 жылы конкурс шеңберінде 30 грант беріледі, олардың әрқайсысы 3 миллион теңгеден болады.

Грантты тағайындаудың мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады. Оны алуға конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кіші емес және жасы 29-дан үлкен емес Қазақстан азаматтары үміткер бола алады.

Гранттар ҚР азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

«Ғылым» - ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін;
«Мәдениет» - Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;
«Ақпараттық технологиялар» - жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;
«Бизнес» - экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;
«Медиа» - жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) биыл 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); байланыс телефондары: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12).

Электрондық нұсқаны пошта арқылы generation.kaz@gmail.com жіберу керек .

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
- жобаның сипаттамасы;
- жобаның бейне-презентациясы (60 секундтан артық емес);
- шығындар сметасының жобасы;
- зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса).