Спорт • 03 Тамыз, 2022

Балуандарымыз бабында екен

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық грек-рим және еркін күрес балуандары Румынияның астанасы – Бухарестте өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп, жалпы саны 20 медаль жеңіп алды.

Балуандарымыз бабында екен

«Классиктер» бәсекесінде Айдос Сұлтан­ғали (60 кг), Ернұр Фидахметов (63 кг), Ибрагим Магомадов (72 кг), Тамерлан Шадукаев (77 кг) және Мирас Баршылықов (82 кг) топ жарса, еркін күрес шеберлерінен Данияр Қайсанов (74 кг) пен Әділет Дәулімбаев (92 кг) қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. Ал грек-рим күресінен финалда қарсыластарына жол берген Абзал Өкенов (57 кг), Жігер Зәкіров (79 кг), Юсуп Батырмурзаев (125 кг) және еркін күрестен Ғалым Қабдынасыров (63 кг), Ерұлан Ысқақов (97 кг) пен Әлімхан Сыздықов (130 кг) күміспен күптелді.

Сонымен қатар жеті балуанымыз қола жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ, Дәулет Ергеш (79 кило), Бейбарыс Нұрыллаұлы (79 кило), Исламбек Исламов (86 кило), Бекзат Үркімбай (97 кило), Серік Бақытханов (92 кило), Олег Болтин (125 кило) және Шәміл Батыров (82 кг) үшінші орынға табан тіреді.