Спорт • 03 Тамыз, 2022

«Супермен» жарыстарға қатысады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбиялық велошабандоз Мигель Анхель Лопес Astana Qazaqstan Team велокомандасы сапында алдағы жа­рыс­­тарға қатыса береді. Бұл тура­лы клуб­тың баспасөз қызметі мәлім­деді.

«Супермен» жарыстарға қатысады

Велоспорт әлемінде «супермен» лақап атымен танымал 28 жастағы велошабандоз өткен аптада Испанияда жергілікті дәрігер, физиолог Маркос Майнардың ісіне қатысы бар деген күдікке ілініп, оны Мадрид әуежайында құқық қорғау органдарының өкілдері тергеуге алып кеткен еді. Маркос Майнар Мариньо осы жылдың мамыр айында спортшылармен жұмыс істеу кезінде тыйым салынған препараттарды заңсыз пайдаланды деген күдікке ілінген болатын.

Кейін Лопестің бұл іске ешқандай қатысы жоқ екені дәлелденіп, «Астана» велокомандасы сапында жарыстарға қатысуға рұқсат берілді.