Аймақтар • 03 Тамыз, 2022

Мемлекеттік қызмет агенттігінің Ұлытаудағы департаментіне жаңа басшы келді

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Берік Ахметов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызмет агенттігінің Ұлытаудағы департаментіне жаңа басшы келді

Берік Мұхамеджанұлы Ахметов 1961 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 36 жылдан асады. Мемлекеттік қызметте еңбек жолын Жезқазған облыстық әлеуметтік қамтамасыз ету инспекторы болып бастаған. Жезқазған және Қарағанды облыстарының прокуратура органдарында бірқатар лауазымда қызмет атқарған.

2012 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаментінде жұмыс істейді.

Департамент басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Б.М. Ахметов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20